Жәдігер • 24 Тамыз, 2023

Ақсуаттың «Алтын адамы»

208 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұдан бірнеше жыл­­дың алдында қа­зір­гі Абай облысы, Ақ­суат ауданының аумағы Көкжыра ауылынан оңтүстікке қа­рай 90 шақырым жерде орналасқан Елеке сазы қо­рымының №4 обасынан «Алтын адам» табылған бо­латын.

Ақсуаттың «Алтын адамы»

Танымал археолог Зей­нолла Са­ма­шев бас­таған мамандар аталған алтын киімді мүрде біз­дің заманымызға дейін­гі VIII-ғасырда өмір сүр­ген, жас мөлшері 17-18-дегі бозбала дейді.

Алтын киімді адам та­былған обаның диа­метрі 33,25 м, биіктігі 1,6 м. Сырты ормен қоршалған. Обаның ішкі жерлеу камерасын­да жасөспі­рім қыз бен жігіт қатар қойыл­ған. Сонау бір замандарда көр­дің ішкі қабырғасы құ­ла­­ған­дықтан, алтын киім­ді мүр­де­­­лер тасқа бас­ты­рылып, тонал­­май аман қалған. Отандық ан­тро­пологтердің мәлі­метіне жүгінсек, бұл бозбала Еуропа нә­сілдес һәм екі мәйіт аналық жағы­нан бір-біріне туыс.

Обадан табылған жігіттің бас­киімі және үстіне киген ұзын жеңді камзолының қос өңірі, оң жақ белдігіне ілген қынапты қанжары мен сол жақ белдігіндегі тері қорамсағы түгелдей аң стиліндегі (бұғы, барыс, қабылан) алтын әшекейлермен безендірілген. Аяғындағы ұзын қоныш етігі де ұсақ алтын моншақтармен әдіптеліпті. Қорамсақтың ұзындығы 1 метрге жуықтаса, мойнындағы сом алтыннан доғалап жасаған алқаның салмағы бір кило. Қорамсақ ішіндегі жебе қалдықтары мен оны иыққа ілетін қайыстың әшекей бұйымдары да жақсы сақталған.

«Бұл жәдігерлер ашылмай келген көп жұмбақтардың сырын шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, сол заманда материалды өңдеу технологиясы өте жоғары болғанын аңғар­дық. Алтынмен өте нәзік бұ­йымдар жасау оңай шаруа емес. Мұның ар­тында үлкен шеберлік жатыр. Екіншіден, сегіз мың жыл бұрын өмір сүр­ген халықтар тұр­­мысы, діни на­ны­мы, жерлеу рәсімі, не­мен ­қо­ректен­ді, т.б. құн­ды мағ­лұ­мат­тар­ға қол жет­кіздік», дейді ­археологтер.

Осы орайда, ерекше назар аударар дүние, алтын киімді бек­заттың аяқ-қол сү­йек­тері бальзамдау мақ­са­тында тесілген екен. «Ежел­гі көшпелілер сал­тын­да алыс­тағы адамдар тү­гелдей қош­­тасу рәсіміне қа­­тысуға тиіс болғандықтан, мүр­дені мумия­лап, сақтау үшін ішек-қарнын алып тастап, сақ­таған болуы керек», дейді Ре­сей Ғы­лым акаде­миясы Этнология және антро­пология институтының қыз­мет­кері Егор Китов. Антрополог­­тің бол­жамынша, алтын адамның бойы 170 сантиметр шамасында көрі­неді.

– Елеке сазы дегдарының ғы­лы­ми жаңғырт­пасын жасау ке­зін­­­де мүрденің сүйек­терімен бір­­ге in situ қал­пын­­да табылған кос­тюм­­­нің әше­­кейлері мен қа­ру-жарақты негіз­ге ал­­дық, – дейді мамандар. Нәтиже­­сін­де, ал­­тын жапсырмамен әшекей­лен­ген, киіз­ден жа­салған ақ түсті шошақ күлә­пара киген, етегі төмен түскен кү­дері шек­­пені бар, балағы етік­тің сыртына са­лынған ұзын шалбарлы жі­гіт­тің бей­несі жаңғыртылып, бұл­ мү­сін қазақ даласында өмір сүр­ген ­­халық­тың ерте дәуірдегі эли­талық бей­­несін әйгілеуімен құнды болды.