Тағайындау • 22 Тамыз, 2023

Жамбыл облысының жұмыспен қамту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Гүлдана Әлімжанқызы Жауынбекова облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысының жұмыспен қамту басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Фото: e.gov.kz

Гүлдана Әлімжанқызы 1976 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданында туған.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «инфрақұрылымдағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Байзақ ауданы әкімінің білім басқармасының есепшісі болып бастаған.

Әр жылдары Байзақ ауданы әкімінің білім басқармасының экономисі, облыс әкімдігінің білім басқармасының бас маманы, орталықтандырылған бухгалтериясының экономисі, білім беру департаментінің бөлім бастығы, мәдениет басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, білім басқармасының бөлім бастығы, басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылғы қазан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше