Тағайындау • 22 Тамыз, 2023

Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жаңа басшы келді

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Сандуғаш Ермаханқызы Әбдіралиева облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жаңа басшы келді

Фото: gov.kz

Сандуғаш Ермаханқызы 1981 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында туған.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мемлекеттік муниципалдық басқару», Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы экономика және статистика институтының Жамбылдағы филиалының әдіскері болып бастаған.

Әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің экономика басқармасының жетекші маманы, бас маманы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2014 жылғы қаңтардан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше