Президент • 22 Тамыз, 2023

Мемлекет басшысы Goertek өндіріс кешенінің жұмысымен танысты

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Goertek өндіріс кешенінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Goertek өндіріс кешенінің жұмысымен танысты

Президент жаһандық ауқымдағы технологиялық инновациялық кәсіпорынның бір бөлігі саналатын Goertek өндіріс кешенін аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді аралап, өнім шығару процесімен, сондай-ақ кәсіпорында қолданылатын технологиялармен танысты.

Компания акустика, оптика, микроэлектроника, прецизиондық конструктивті детальдар, интеллектуалды құрал-жабдықтар, виртуалды және толықтырылған шынайылық технологиялары қолданылатын құрылғылар, ақылды гарнитуралар, ақылды тұрмыстық техникалар және басқа да жоғары технологиялық құрылғылар мен өнімдер секілді электрондық және прецизиондық конструкторлық компоненттер әзірлеуге және өндіруге маманданған. 

Қазіргі кезде Goertek компаниялар тобында 100 мыңнан астам адам еңбек етеді. Кәсіпорынның жылдық орташа табысы 2,8 миллиард долларға жетеді.