Қоғам • 21 Тамыз, 2023

Алматы тауларында адасып кеткен екі қыз табылды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін құтқарушылар Алматы тауларында адасып кеткен екі қызды тапты, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы тауларында адасып кеткен екі қыз табылды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

«21 тамызда сағат 1:20-да ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне ер адамнан оның таныстарының тауда жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Зардап шеккендермен байланыс болды», делінген хабарламада.

РЖҚЖ жедел тобы өтініш берушілердің геолокациясы бойынша Казачка өзенінің шатқалына қарай шақыруға шыққан. Сағат 2:20-да құтқарушылардың жедел тобы қыздарды тауып алған. Оларға медициналық көмек қажет болмаған. Құтқарушылар оларды аман-есен төмен түсірген.

Туристердің Көк жайлаудан түскен кезде адасып кеткені белгілі болды.