Ауа райы • 14 Тамыз, 2023

Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК дерегіне сәйкес, елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын күтіледі. Тек елдің оңтүстігінде жоғарылаған атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Мамандардың айтуынша, ел бойынша екпінді жел соғады. Солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман күтіледі. Ал еліміздің орталығында бұршақ жауады деп болжанып отыр.

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде күндіз 37°С-қа дейін қатты ыстық болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Кейде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С.