Спорт • 12 Тамыз, 2023

Шымкентте футбол жанкүйерлері мен ойыншылар төбелесті

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында өткен футбол матчы кезінде жанкүйерлер мен ойыншылар төбелесіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте футбол жанкүйерлері мен ойыншылар төбелесті

Кеше Шымкент қаласындағы «Биик» шағын стадионында «Қайрат-жастар» және «Оңтүстік» жастар құрамаларының кездесуі өткен еді.

Ойын барысында алматылық команда ойыншылары мен жергілікті жанкүйерлер арасында жаға жыртыс болды.

Төрешілер ойыншыларға шара қолданды. Сондай-ақ  жергілікті команданың жанкүйерлері полиция бөліміне жеткізілді.

«Полицияға шағым түскен жоқ. Ал жанкүйерлерге футбол матчтарында өзін-өзі дұрыс ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді», делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар

Шекарасыз ақпараттық майдан

Басылым • Бүгін, 11:20

Нейрожелі БАҚ-тың бағын байлай ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 10:50

Журфак сабақтастығы

Пікір • Бүгін, 10:40

Жәдігерлер жоқшысы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 10:30