Экология • 12 Тамыз, 2023

Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК өңірлердің ауа сапасына қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
12 тамызда Ақтөбе қаласында, түнде Атырау қаласында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.