Сауда • 03 Тамыз, 2023

Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлері бірқатар келісімге қол жеткізді

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Қазақстан-Ауған іскерлік форумы аясында жалпы сомасы 190,8 млн долларға жуық экспорттық келісімшарттарға қол қойылды. Бұл туралы  ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлері бірқатар келісімге қол жеткізді

Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми сайты

Ведомствоның ақпаратынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін, ұн мен өсімдік майын жеткізуге барлығы 15 шарт, сондай-ақ Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы (Қазақстан) мен Май дилерлерінің Балх одағы (Ауғанстан) арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалынды.

Қазақстандық өсімдік майының ең ірі бес импорттаушыларының бірі Ауғанстан, бұл форум алаңында қол жеткізілген уағдаластықтарды растады. Қол қойылған келісімшарттардың жалпы санының 9-ы май жеткізудің үлесіне тиесілі.