Әлем • 31 Шілде, 2023

Бауырлас мемлекеттің мерейі

210 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Түбі бір түркі елдерімен ынтымақтастық – еліміздің сыртқы сая­сатындағы маңызды бағыттың бірі. Бауырлас елдер арасын­дағы саяси, экономикалық, мәдени байланыстың нығая түсуі Әзербайжан елінде өткен Шуша жаһандық медиа форумында айрықша көрініс тапты. «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі жаңа медиа» атты форумға әлемнің 49 елінен 150-ге жуық шетелдік БАҚ өкілі қатысты. Алқалы жиында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Орталық Азия мемлекеттерімен серіктестік қарқынды дамып келе жатқанын атап айтты.

Бауырлас мемлекеттің мерейі

Қазақстан қолдауына ризашылық

Гейдар Әлиев жылы аясында және осы елдің ұлттық баспасөзінің 148 жылдығына орай өткен медиа форумның  ашылу салтанатында президент Ильхам Әлиев әлемдік БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып, елінің сыртқы және ішкі саясаттағы басым бағыттарын атап өтті. Соның ішінде Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасқа жекелей тоқталды.

Әзербайжанның Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақ­тас­тығы барлық бағытта жолға қойылғанын айтқан ол екін­ші Қарабақ соғысынан кейін еліміз­дің үлкен қолдау білдіргенін айтып өтті.

р

 ы

л

«Біз Орталық Азиядағы дос­та­ры­мыз бен бауырларымызға қол­дау көрсеткені үшін айрықша ри­за­мыз. «Қазақстан Физули ауданын­да Жастар шығармашылық ор­талығын, Өзбекстан мектеп салып жатыр. Мектеп тамызда, ал орталық жыл соңына дейін дайын болады. Бұл – қолдаудың рәмізі. Соғыстан кейін шет елдер қаншама қолдау білдірді. Атап айтайын, бұл өте маңызды қимыл әрі ынтымақтастықтың үлгісі болды», деді Әзербайжан президенті.

«Жалпы, Орталық Азия елдері­мен ынтымақтастыққа келетін болсақ, ол өте серпінді. Мен былтыр да, биыл да Орталық Азияның көптеген еліне бардым. Орталық Азия елдерінің президенттері де Әзербайжанға сапарлай келді. Жыл соңына дейін осындай сапарлар жалғасын табады деп күтеміз. Қазір екіжақты инвестициялар және сауда мәселелері бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз.

Біз, сондай-ақ Түркі мемле­кет­тері ұйымының отырыстарында, сондай-ақ ТМД елдерінің саммиттерінде үнемі кездесіп жүрміз. Қазір Орталық Азия елдерімен байланыс құралдары мен көлік инфрақұрылымына қатысты мәселелер бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бірнеше күн бұрын мен Өзбекстанның, біраз уақыт бұ­рын Қазақстанның Премьер-ми­нистрін қабылдадым. Әңгі­меміз­дің өзегі Әзербайжан, Гру­зия, Түркиядан Еуропаға Кас­пий арқылы өтетін көлік бағыт­тары болды. Бұл Орта­лық Азия елдері үшін маңызды көлік жол­дарының бірі болады. Себебі Әзербайжанның көлік инфрақұрылымының мүмкін­дігі ауқымды. Менің ойымша, біз­дің қарым-қатынасы­мыздың бола­шағы зор», деді Ильхам Әлиев.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылықты дамыту орталығының іргесі қалан­ған еді.

Мемлекет басшысы қазақ халқының атынан жасалған бұл сыйлық қос ел арасындағы достықтың, бауырластықтың және өзара қолдаудың тағы бір нышаны болатынын атап өткен.

Медиа форум аясында Пре­зидент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаровтың бас­­тамасымен Физули ауданын­да салынып жатқан Өнер орталығы құрылысының барысымен таны­судың сәті түсті.

ф

Нысанға жауапты маман Павел Грачевтің айтуынша, құры­лыс кестеге сай жүріп жатыр. Сәтін салса, нысан желтоқсан айы­на таман дайын болады. Қазақ­стан ғимаратты салып қана қой­май, ішін де толық жабдықтап бер­мекші. Жалпы ауданы 3 100 шаршы метр, 600 адамға арналған Өнер орталығында музыка, 3D модельдеу, веб-дизайн, фото және бейне-курстар бағытындағы үйірмелер, сонымен қатар кілем тоқуға, қолөнерге, түрлі спорт пен хореографияға баулитын сыныптар ашылады.

 Бейбітшілікті бекемдеу жолы

Бүгінгі күні ел алдындағы бас­ты міндет көрші мемлекетпен ұзақ жылғы қақтығыс салдарынан бүлінген ауыл-қалаларды қал­пына келтіріп, ол жерлерде ха­лық­тың мамыражай тірлігіне жағ­дай жасау екенін айтады Әзер­байжан басшысы. Ол үшін ең алдымен арадағы шиеленісті реттеп, бейбітшілікті бекемдеу қажет.

2020 жылы 27 қыркүйекте бас­талып, 44 күнге созылған соғыста Әзербайжан Таулы Қарабақтың едәуір бөлігін қайтарып алғаны белгілі. Қазір осы аумақты жарыл­ғыш заттардан тазарту, елді ме­кендердің еңсесін көтеріп, ел қондыру жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын байқадық.

п

«Қарабақ пен Шығыс Зан­гезурды қалпына келтіру үдері­сі кезең-кезеңімен жүзеге асы­ры­­лады. «Ұлы оралу» бағдар­ла­масы қабылданып, оған қаржы ресурстары жұмылдырылды. Инфрақұрылым мен құрылыс­қа арналған шығындар жыл соңы­на дейін шамамен 7 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл – тек бастамасы. «Ұлы оралу» бағдарламасына келетін болсақ, біз 30-дан астам қала мен ауылдың бас жоспарын бекіттік, көптеген елді мекеннің іргетасы қалан­ды. Бұл ретте Қарабақ өңіріне 2026 жылға дейін 140 мың адамды қайтару жоспарланып отыр. Келесі жылы Шуша қаласына тұр­ғын­дардың алғашқы легі келіп, ор­наласады деп үміттенемін», дей­ді Әзербайжан президенті.

Бүгінгі күнде ең үлкен кедергі қайтарылған аумақты жарылғыш заттардан тазарту жұмысы екен.

Қазірдің өзінде 300-ге жуық бей­біт тұрғын мен әскери қыз­меткер жарылғышқа тап бо­лып, қаза тапқан. Армения тара­бы келіссөз нәтижесінде мина­ланған орындар картасын беруге келіскенімен, ақпараттың жарым-жартылай болғанын, оның дәлдігі небәрі 25 пайыз екенін айтады Әзербайжан өкілдері.

ы

«Біздің есебімізше 1 миллионнан астам мина қойылған, ал армяндар ұсынған картада 400 мыңға жуығы ғана қамтылады. Яғни бұл картаның пайдасы шамалы», дейді  Ильхам Әлиев.

Әрине, қираған аумақты қал­пына келтіріп, тамырына қан жүгірту елдің экономикасына үлкен салмақ түсіретіні белгілі. Бірақ ең маңыздысы – ұзақ жылға созылған қанды қақтығысты біржола тоқтатып, шекараны шегендеу. Бұл бағытта қандай қадам жасалып жатыр?

Бүгінде аталған аймақтағы текетіресті реттеудегі арағайын­дық мәселесінде АҚШ, Ресей, Еуро­палық Одақ маңызды орын алатыны анық. Бітімге келу бағы­тында соғыстан кейін Армения бірнеше қадам жасағанын айтады Әзербайжан басшысы. Оның ойынша, көрші ел Әзербайжанға қатысты кез келген аумақтық талаптардан бас тартқан жағдайда келіссөздердің келесі кезеңін өт­кізіп, бейбіт келісімге қол қою­дан үміт бар.

 Жалған ақпарат – жаһандық мәселе

Әзербайжанның Медианы дамыту агенттігі ұйымдастырған Шуша жаһандық форумы аясында әлемнің бірқатар елінен келген БАҚ басшылары мен бедел­ді сарапшылар масс-медианың өзек­ті мәселелерын кеңінен тал­­қы­лады. Алқалы басқосуға жур­налис­тикадағы жаңа технология­лар, цифр­лық дәуірдегі БАҚ рөлі, инвес­тиция мен тұтыну үрдістері, жалған ақпаратпен күрес, коммуника­ция тәсіл­дері, жуналистердің қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мәселелері өзек болды. Екі күнге созылған тал­қылау барысында қазіргі күні әлемді алаңдатқан мәселе жалған ақпаратпен күрес екені айтылды.

Қазіргі кезеңдегі технология­лық инновациялар, басқасымен қатар, жаңалықтарды дайындау үдерісіне теріс әсер етеді. Технология саласындағы жетіс­тіктер БАҚ үшін жаңа сынақ­ты көлденең тартып отыр.

Бұл туралы Жаһандық сая­сат институтының төрағасы Паоло фон Ширах «Медиа бола­­шағы: журналистика мен ком­муникациядағы жаңа құрал­дар және цифрлық дәуірдегі БАҚ рөлі» сессиясында айтып өтті. Жалған хабарламалар жұрт­шылықтың жаңалыққа сенімін азайтқанына тоқталған ол: «Әр адам өзінің жаңалықтар агент­тігін құруға тырысып жатыр. Жаңалықтар мен ойын-сауық ара­сындағы шекара жойы­лып, олардың араласып кеткені бай­қалады. Көргеніміз деректі фильм бе, жоқ шоу ма, осыны тү­сіну­ден қалдық. Мұның бәрі жал­ған ақпараттың таралуына алып жол ашып отыр», дейді.

Ал канадалық журналист, продюсер Дана Вольф қалай болғанда да ақпарат саласындағы заманауи өзгерістерге бейімделуге тура келетінін айтады.

«Медиа саласы жедел өзгеріп жатыр. Біз осыған бейімделуге мәж­­бүр­міз, әйтпесе бұл маман­дық­­тан кетуге тура келеді», дейді ол.

«Медиақұрылымдардың жа­былғаны, жұмысын тоқ­татқаны туралы күн сайын естиміз. БАҚ қызметкерлерінің кез келген уақытта жұмысынан айы­рылу қаупі бар. Канададағы кей­бір медиа­құрылымдар басқа ел­дердегі бюроларын жапты. Жұ­мы­сынан айырылғандар саны артып келеді, бұл қосымша проб­лемаларға алып келеді», дейді ол.

Ақпарат алаңында қалып­тасқан тағы бір үрдіс – жаңалық­ты тұздықтап, жаға ұстататын, оқырманды еліктіретін форматта беруге тырысу. Осының салдарынан ақпараттың дәлдігі азайды. Бұл негізінен әлеуметтік желі­лерде байқалады. Forward Thinking негізін қалаушы және директоры Оливер Мак-Тернан осы мәселені айта келіп: «Әлеуметтік медианың проблемасы – біз жеңіл ойлайтын адамдардың қолына қару бердік», дейді. 

Медиа саласы өкілдерінің басын қосатын Шуша жаһан­дық медиа форумы енді жыл са­йын өткізіледі деп жоспарла­нып отыр. Әзербайжан прези­дентінің көмекшісі, президент әкімші­лігінің сыртқы саясат мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Хикмет Гаджиевтің айтуынша, жаһандық медиа форум Шушада шығармашылық атмосфераны қалыптастыруды көздейді.

Айта кетейік, Шуша 2021 жылдан бері «Әзербайжанның мәдени астанасы» деп атал­а­ды. Ал ТҮРКСОЙ шешімімен бұл шаһар 2023 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды.

«Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының негізі 2010 жылы түркітілдес мемлекеттер басшы­ларының Ыстанбұлда өткен 10-сам­митінде қаланды. Шешімге сәй­кес, жыл сайын түркі елдерінің бір қаласы «Мәдени астана» болып жарияланады. Шуша – осы құр­метке ие бол­ған 11-ші қала. Оған дейін «Түркі әлемінің мәдени аста­насы» атағы Астана (2012, Қазақ­стан), Эскишехир (2013, Түр­кия), Қазан (2014, Татарстан), Мерв (2015, Түрікменстан), Шеки (2016, Әзербайжан), Түркістан (2017, Қа­зақстан), Кастамону (2018, Түркия), Ош (2019, Қырғызстан), Хива (2020, Өзбекстан), Бурса (2022, Түркия) қалаларына берілген еді.

Астана – Баку – Шуша – Астана