Маңғыстау облысында «Сергек» бақылау жүйесі 1 шілдеде іске қосылған. 148 бейнекамера 18 шілдеге дейін тест режимінде жұмыс істеді. Қазір барлығы жолдағы заңбұзушылықтарды жедел тіркеп жатыр. Мәлімет бірден процессингтік орталыққа келіп түседі. Мұнда әр бейнежазба 30 күн сақталады екен.
«108 камера Ақтау қаласында, 40 Мұнайлы ауданында тұр. 8 күннің ішінде «Сергек» арқылы 2 171 құқықбұзушылық дерегі анықталып, 21 млн 971 мың теңгеге айыппұл салынған. Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 811-бабының, 1-бөлігіне сәйкес салынған айыппұлдың 7 тәулік ішінде 50% төлеу мүмкіндігі қарастырылған», деді облыстық ПД ӘПБ бөлім бастығы Тимур Жұмалиев.
Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында ереже бұзған көлік жүргізушілеріне 22 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Прмеьер-министрдің баяндамасын тыңдады
Президент • Бүгін, 11:54
Ақтөбе облысында үй өртеніп, екі зейнеткер көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 10:35
Қандастарға жасалған қамқорлық
Пікір • Бүгін, 10:30
Пікір • Бүгін, 10:20
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереді
Пікір • Бүгін, 10:10
Қазақстан – Қытай астық форумы өтеді
Форум • Бүгін, 10:00