ANTIKOR • 27 Шілде, 2023

«Оператор РОП»-тың бұрынғы құрылтайшысы экстрадицияланды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасы мен Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтарованы экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Оператор РОП»-тың бұрынғы құрылтайшысы экстрадицияланды

Ол «Оператор РОП» ЖШС бас директоры С. Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды деп айыпталды.

Осы жылдың 27 шілдесінде сағат 19:01-де Мұқтарова Астана қаласының әуежайының аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35