Аймақтар • 26 Шілде, 2023

Екібастұзда жанармай құю бекеті өртенді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Екібастұз тұрғындарын жарылыс дыбыстары дүрліктірді. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда жанармай құю бекеті өртенді

Анықталғандай, қаладағы жанармай құю бекеттерінің бірінде 4 цистерна жанып кетті. Жалын азық-түлік дүкенін де шарпығаны қоса хабарланды. 

Оқиға орнына жұмылдырылған өрт сөндірушілер қызыл жалын басқа да ғимараттарға өтуі мүмкін екенін айтты.

«Өрт көрші ғимараттарға өтпеуі үшін қоршау салынды. Жеке сектордың үйлері жолдың арғы жағында, яғни жану ошағынан 100 метр қашықтықта орналасқан», делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Айта кетсек, дәл қазір тілсіз жаумен 20 қызметкер мен 7 бірлік техника күресіп жатыр.

«Өртке ұласқан жарылыстың себеп-салдары анықталып жатыр, сөндіру жұмыстары жалғасуда», деді ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

Оқуға құштар қала

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:12

Момышұлының қолжазбасы

Жәдігер • Бүгін, 09:10

Келешегі күмәнді сода зауыты

Аймақтар • Бүгін, 09:07

ЖИ-ді білмей, мақтанба!

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Алмас жарқылдайтын кезең

Ауыр атлетика • Бүгін, 08:53

Алтын көпір

Руханият • Бүгін, 08:45

Жеңіске бастар жол

Күрес • Бүгін, 08:43