Спорт • 22 Шілде, 2023

Жібек Құламбаева Чехиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Чехиядағы Оломоуц ITF W60 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жібек Құламбаева Чехиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен латвиялық Дарья Семенистая финалда чехиялықтар Магдалена Смекалова - Тереза Валентовамен бас жүлдені сарапқа салды.

Чехиялық жұп 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан бір апта бұрын Ж.Құламбаева Римде жарыстың жеңімпазы атанды. Бұл жолы финалмен шектелді.