Қоғам • 20 Шілде, 2023

Ресей азаматы басын бұрғымен тесіп, чип орнатқан

1250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Новосибирскіден Алматыға көшіп келген экспериментатор бұрғы мен импровизацияланған құралдарды пайдаланып, өз миына чип орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей азаматы басын бұрғымен тесіп, чип орнатқан

40 жасар Михаил Радуга жақында көшіп келген Алматыдағы үйінде өзіне трепанация жасаған. Оны жасаудың алдында, ол сағаттар бойы ютубта нейрохирургтердің жұмысы туралы бейнероликтерді зерттеген, тіптен, бес қойға эксперимент жасап көрген. Соңыра Михаил Радуга өз басын бұрғылап, теріні қыстырғыштармен бекітіп, миына электродты имплантациялаған.

Ол операция кезінде әрең аман қалған.

Михаилдың бір ғана мақсаты болған. Ол басына орнатылған электрод мидың моторлық қыртысын ынталандыра отырып, ұйықтаған кезде оған өзінің түстерін басқаруға көмектеседі деп ойлаған.

Аталған операция туралы естіген Оксфорд университетінің кеңесшісі, нейрохирург Алекс Грин Михаилдың инсульт алуы немесе эпилепсияға шалдығуы мүмкін екенін айтқан.  

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10