Қазақстан • 18 Шілде, 2023

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылғы 1 маусымдағы дерекке сәйкес, еліміздегі халық саны 19 млн 879 мың адам болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жалпы халықтың 61,9 пайызы немесе 12 297 100 адам - қалада, ал 38,14 пайызы немесе 7 581 900 адам - ауылда тұрады.

2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға келгендер саны 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 91,8 пайызға артып, кеткендер саны 45 пайызға азайды.