Елорда • 15 Шілде, 2023

Биыл елордада 60 мың жұмыс орны ашылады

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қала тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл елордада 60 мың жұмыс орны ашылады

«Қаламызда тұрғындарды, оның ішінде түлектер мен жастарды жұмысқа орналастыруға арналған бірқатар бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Мәселен биыл бизнес, әкімдік және білім беру институттарының ынтымақтастығының арқасында 60 мың жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз», деп жазды әкім. 

Қала басшысының жазуынша, Мәмбетов көшесіндегі Арбат аумағында жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл – биыл жастарға арналған 16-шы жәрмеңке.

ф

«Бүгінгі жәрмеңкеге 70 жетекші компания мен ұйым қатысты. Олар: Қазпошта, ҚТЖ, Astana HUB, Самұрық Қазына, ERG, банктер, медұйымдар, оқу орталықтары және т.б. Түрлі қызмет салаларында 1300-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Аталған жәрмеңкені Amanat партиясы біздің басқармалармен бірлесе ұйымдастырды», деп жазды елорда әкімі.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025