Спорт • 11 Шілде, 2023

Бас бапкер допинг дауына іліккен боксшыларға қатысты пікір білдірді

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов допинг дауына іліккен боксшылар – Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серікке қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz sportpress.kz-ке сілтеме жасап.

Бас бапкер допинг дауына іліккен боксшыларға қатысты пікір білдірді

«Бұл өзі бұрын болған жағдай. Неге десеңіз, тыйым салынған препараттар адамның азғасында 3-4 ай, кейде бір жылға дейін болады. Қаңтар айында Ұлттық допингке қарсы орталық Саматәлі Төлтаев пен  Абзал Серікті допингке тексергенде олар сынамадан өте алмаған», деді Мырзағали Айтжанов.

Бас бапкердің айтуынша, бұл жағдай ұлттық құрамада ғылыми топ болмаған кезде болған. Спортшылар ережені сақтамай жүре берген.

Мырзағали Айтжанов ұлттық құрамадағы бүгінгі ахуалға тоқталды.

«Біз қазір бәрін өзгерттік. Боксшыларға тыйым салынған дәрі-дәрмектер, витаминдер ішпеңдер деп айтамыз, ескертеміз. Ең алдымен ескертеміз. Ұлттық құраманың дәрігері Ирек Сатов ескерту жасайды, ғылыми топтың басшысы Ғалия Билялова спортшылармен семинар өткізеді. Сосын боксшылар оқу-жаттығу жиындарында допингке тексеріледі. Оларға тағы да ескерту жасалады», деді ұлттық құраманың бас бапкері.

Айта кетейік, осыған дейін еліміздің екі боксшысы допингке байланысты спорттан шеттетілгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024