Теннис • 09 Шілде, 2023

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты

Лондонда өткен жылғы атағын қорғап жатқан қазақстандық теннисші үшінші айналымда Ұлыбританияның бірінші, әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бултермен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда брейк жасаған Елена 3:1 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк – 5:1. Сосын өз геймін қиналмай алды – 6:1.

Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчты кезекті брейкпен тәмамдады – 6:1.

Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі.