Елорда • 03 Шілде, 2023

«Аялаған Астананың» тартуы

214 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Талай дарынды жасты шың­дап, тұсауын кескен «Аялаған Астана» байқауының жеңім­паз, жүлдегерлері елорда тө­рінде бас қосып, Астана қала­сының 25 жылдығына ар­нал­ған гала-концертте өнер көрсетті. Биыл байқаудың 10 жылдығы елорданың мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан қала әкім­дігінің қолдауымен өткен кеште жас әншілер тартынып қал­мады.

«Аялаған Астананың» тартуы

«Аялаған Астана» шығармашы­лық байқауы дарынды балалардың бір шоғырын қалыптастырып үлгер­ді. Өйткені жас жеткіншектер бай­қауда сахна өнерінің нағыз май­тал­мандарынан тәлім алып, қай бағытта ән шырқауға әлеуетті еке­нін білді. Негізі, республикалық балалар байқауы 2 кезеңнен тұрады. Әуелі балауса әншілер аймақтардан іріктеліп, кейін ақтық кезеңге жолдама алады. Байқауда 8 бен 12 жас аралығындағы балалар эстрадалық-вокалдық жанрда өнер көрсетіп, бақ сынайды.

лл

Байқаудың тұсауы 2013 жы­лы кесілсе, содан беріге дейін 9 мәр­те үздіктер­ді анықтады. Жоба­ға қатысып, бақ сынаған та­лант­ты жас әншілердің алды бүгін­де ха­лықаралық фестиваль­дер­де өнер көрсетіп, көптің қошеметіне бөленген. Бір сөзбен айтқанда, «Аялаған Астана» балғындардың халықаралық ән байқауларында өнер көрсетуіне жол ашты. Жеңім­паздар көшін 2013 жылы Болат Батырбаев бастаса, кейін Мұхамедәли Жүгі­нісов, Данелия Төле­шова, Жанел Сәдуақас, Әмина Жапар, Балнұр Хизирова, Аружан Ардақ, Айғаным Амантай сынды үздіктер жал­ғады. Байқаудың шығармашылық шеберханасын көрген өзге де қатысу­шылар балауса шағынан елге танылып үлгерді. 

Гала-концерттің қоюшы режис­сері Саян Мырза елорда күніне арналған концертке дайындық барысында басқа байқаудың лауреттарын шақыруға ниет­тенгенін айтты.

пп

– Биыл музыкалық телевизиялық байқауға – 10 жыл. Біз осы гала-кон­цертте әр жылдардағы қатысу­шы­ларды, оның ішінде жеңімпаздарды жинауға тырыстық. Бүгінгі концертте Ержан Мақсұм өнер көрсетті, бірақ ол конкурстың қатысушысы емес. Қатысушылардың арасында әнші Садраддин де бар. Биыл да еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас таланттарды жинап, елордаға шақырдық. Міне, Елорда күнінде талантты жастарымыз қала тұрғындары мен қонақтарына әуелетіп ән шырқады, дейді С.Мырза.

Мерекелік концертте «Аялаған Ас­тана» байқауының жеңімпаз, жүл­дегерлері ән шырқағанын айт­тық. Олардың қай-қай­сысы да бірі­нен-бірі қалыспайтын өрендер. Өйткені байқауға қатысқан бал­ғын­дар шоу бизнестің танымал мамандарымен жұмыс істеді. Халықаралық бай­қауларда топ жарды. Айта ке­тейік, бұл жоба он жылдың ішінде көп­теген балдырғанның бағын ашып, үлкен сахнаға шығуына мүм­­кіндік сыйлады. Ашық аспан ас­тын­да ұйымдастырылған гала-кон­цертте жас әншілер «Аялаған Ас­та­на» байқауына тегіннен-тегін қатыс­пағанын тағы бір мәрте делелдеді.