Теннис • 02 Шілде, 2023

Қазақстандық теннисші Иранда чемпион атанды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тегеранда (Иран) 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында бірінші санаттағы ITF Juniors сериясындағы беделді турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисші Иранда чемпион атанды

Жекелей сында Ақтау теннис мектебінің түлегі Даниал Рахматуллаев жеңісті жұлып алды. Соңғы матчта ол жарыстың алғашқы ракеткасы - ресейлік Дмитрий Бурцевті 6:3, 6:3 есебімен ұтып, сенсация жасады.

Жартылай финалда Даниал отандасы Әмір Омархановтан мықтырақ болып шықты (5:7, 6:3, 7:5).