Экономика • 30 Маусым, 2023

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арзандады

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1,5 жылдан бері алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1 пайызға арзандады. Жылдық мәндегі ӘМАТ индексі - 109,1%, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арзандады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 зат кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Баға өзгерісі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және елордадан жиналады.

Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

Айран 2,5% – 411 тг/л;

Күріш – 436 тг/кг;

Қырыққабат – 133 тг/кг.