Спорт • 28 Маусым, 2023

Күрес түрлерінен рейтингілік турнирге кімдер баратыны белгілі болды

390 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтетін күрес түрлерінен рейтингілік турнирде бақ сынайтын қазақстандық балуандар құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Күрес түрлерінен рейтингілік турнирге кімдер баратыны белгілі болды

Турнир 13-17 шілде аралығында өтеді. Бұл - биылғы рейтингілік турнирлердің төртінші кезеңі.

«Жылына төрт рейтингілік турнир бекітілген. Қазірге дейін мұндай жарыстар Хорватия мен Египетте өткізілсе, енді ол Қырғызстанда жалғасып отыр. Төртіншісі шілде айында Венгрияда жалауын көтереді. Балуандар рейтингілік турнирлерде ұпай жинайды. Нәтижесінде қыркүйек айында Сербияда болатын әлем чемпионатында көп ұпай жинаған балуандар жартылай финал немесе финалға дейін бір-бірімен кездеспейді», деді ҚР күрес федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов.

Аталған жарыста еркін күрестен 57 келіде Мейрамбек Қартбай, Абзал Окенов, Мұкамед Балғабай, 61 келіде Өсімжан Дастанбек, Асылжан Есенкелді, Владимир Кудрин, 65 келіде Санжар Мұхтар, Ақбар Құрбанов, Адлан Асқаров, 70 келіде Егор Анчугин, Сарбаз Талғат, Санжар Досжанов, 74 келіде Нұрлан Бекжанов, Нұрқожа Кайпанов, Дархан Есенғали боз кілемге шығады. Сондай-ақ 79 келіде Данияр Кайсанов, Нұрдәулет Куанышбай, Болат Сакаев, 86 келіде Есқали Дәулетқазы, Исламбек Ілиясов, Нұржан Исағалиев, 92 келіде Әкежан Айтбеков, Ризабек Айтмұқан, 98 келіде Нұрсұлтан Азов, Әлішер Ерғали, Бекзат Үркімбай, 125 келіде Жүсіп Батырмұрзаев бақ сынасады.

Ал әйелдер күресінде Марина Седнева (55 келі), Ирина Кузнецова (62 келі), Елена Шалыгина (68 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі), Гүлмарал Еркебаева (76 келі) ел намысын қорғайды.

Оған қоса грек-рим күресінен 55 келіде Аманғали Бекболатов, Марлан Мұқашев, Ерсін Абыйр, 60 келіде Нұрсұлтан Базарбаев, Ернар Фидахметов, Айбек Сабырбеков, 63 келіде Дастан Зарлыханов, Мұқамедәлі Мамырбек, Ержет Жарылқасын, 67 келіде Мерей Бекенов, Сұлтан Әсетұлы, Дінмұхамед Қошкар, 72 келіде Данияр Кәленов, Ибрагим Магомадов, 77 келіде Мақсат Ережепов, Қаһарман Қисметов, Азат Садықов күреседі. 82 келіде Диас Қален, Шамиль Батыров, 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов, Евгений Поливадов, Азамат Қыстаубаев, 97 келіде Ерұлан Ысқақов, Олжас Сырлыбай, 130 келіде Антон Савенко мен Әлихан Сыздықов өнер көрсетеді.