Қоғам • 25 Маусым, 2023

Креативті индустрияға жататын қызмет түрлері заңмен бекітілді

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Креативті индустрияға жататын экономикалық қызметтің 43 негізгі түрі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Креативті индустрияға жататын қызмет түрлері заңмен бекітілді

Мәдениет және спорт министрлігі мәліметі бойынша тізімге зергерлік бұйымдар, IT және ойын жасау, мәдени мұра, телебағдарламалар, фото және дизайн, сәулет және сән, музыка, кино және анимация, сондай-ақ кейбір мәдени-демалыс мекемелері сияқты іс-шаралар кірді.

Критерийлер барынша жеңілдетілді және халықаралық ұсыныстарға сәйкес келтірілді.

Министрлік креативті индустрия жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын экономика секторына айналатынын айтты.

«Министрліктің креативті қоғамдастықпен және мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысының арқасында Қазақстанда алғаш рет креативті индустрияны қаржылық жағынан да, қаржылық емес жағынан да қолдау үшін құқықтық негіз пайда болды. Бұл үдеріс саланың жаңалығына және тіпті халықаралық деңгейде бірыңғай критерийлердің болмауына байланысты белгілі бір уақытты алды. Мемлекеттік қолдаудың нақты шаралары саладағы жағдайды мұқият зерделегеннен кейін биыл Үкіметтің қарауына ұсынылатын болады», деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.