Денсаулық • 21 Маусым, 2023

Жүрегі екі рет тоқтап қалған бала

244 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жазатайым тау­шымылдық гүлінің спирттік тұнбасын сумен шатастырып ішіп қойған Дастанның анасы ұлын бір ажалдан аман алып қалған Балалар жедел жәрдемі дәрігерлеріне алғысын жаудырды.

Жүрегі екі рет тоқтап қалған бала

Соңы қайғыға ұласа жаздаған бұл оқиға Алматыда орын алды. 10 жасар Дастан таушымылдық гүлінің спирттік тұнбасын сумен шатастырып ішіп қойған. Сәлден кейін баланың денсаулығы нашарлап, есінен та­нып қалады. Жедел жәрдем бригадасы нау­қасты Балалар жедел медицина­лық жәрдем орталығына жеткізеді. Бас­тапқыда баланың ата-анасы оның тұнба ішіп қойғанын білмегендіктен, тағамнан уланған деп болжап, нақты диагноз қою қиынға соққан. Өйткені бала бұрын ешқашан дәрі-дәрмек пен тағам аллергиясынан зардап шекпеген.

«Бізге бала III дәрежелі экзоуытты шок салдарынан өте ауыр жағдай­да түсті, қандағы глюкоза 18 ммоль/л дейін жоғарылап, гипергликемия, кетоацидоз, бас ми ісінуі, жалпы интоксикация белгілері бай­қалып, ес-түссіз халде түсті. Сол кездің өзінде миы комада болды. Қабылдау бөлімінде науқасты көпбейінді дәрігерлер бри­гадасы тексеріп, шұғыл түрде кли­никалық және зертханалық зерттеулер жүргізілді. Таушымылдық тұн­ба­сымен жедел уланған деген диагноз қойылды. Ауыр дәреже. III дәрежелі экзоуытты шок. Уытты энцефалопатия. Уытты гепатит. Науқас жансақтау бө­ліміне жатқызылды, жеке дәрігерлік және медбикелік пост тағайындалды. Жағдайының ауырлығына байланысты науқастың жүрегі екі рет тоқтап қалған. Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақтандыруға қол жеткізді», дейді Балалар жедел медициналық жәрдем орталығы токсикология бөлімінің мең­герушісі Құрметбек Тоқтар.

Осы арпалыспен 10 күннің ішінде Балалар жедел жәрдем дәрігерлері баланы өмірге қайтарып алды. Баланың беті бері қарап, ағзасы қалпына келді.

«10-бөлімшенің медицина қыз­мет­­­керлеріне, әсіресе Құрмет­бек Тоқтар­ұлына, сонымен бір­ге жан­сақ­тау бөлімшесінің қызмет­кер­ле­ріне, М.Ма­құл­­беков, Т.Би­дай­бай, А.Риги, А.Кұ­лым­бетов, невропатолог Н.Құр­манбаевқа алғыс білдіремін. Жанкешті еңбек­тің, жоғары кәсібилік, қайырымды­лық, сапалы медициналық көмек көрсетуге деген ұмтылыстың арқа­сында жүрегі екі рет тоқтап қалған, бір тәуліктен астам уақыт комада болған ұлым аман қалды. Енді міне, аман-есен үйге шыққалы жатыр­мыз, барлық медициналық сарап­тамалар жақсы нәтиже берді. Кәсіби мамандарды таңдап, жұмыс­ты дұрыс ұйымдастыра білген Бала­лар жедел медициналық жәрдем орта­лығының бүкіл ұжымына көп рахмет», деп, Орталық дәрігерлеріне шын жүректен алғысын жаудырып отырған ананың жай-күйін түсінуге болады.

Ал дәрігерлер азық-түлік қауіп­сіздігін қатаң сақтауды, дәрі-дәрмек пен бала денсаулығына қауіпті заттар­ды қол жетпейтін жерде сақтауды сұ­райды. Жаз – консерві мен маринад жасай­тын қысқа дайындық маусымы бол­ғандықтан, бұл кезде сірке суы сияқ­ты, басқа да қауіпті заттармен улану ықтималдылығы арта түседі.

 

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025