Саясат • 20 Маусым, 2023

Сенаторлар сұйытылған газ айналымын реттеу мәселесін талқылады

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар сұйытылған газ айналымын реттеу мәселесін талқылады

Құжаттың негізгі мақсаты − сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу жөніндегі қолданыстағы заңнаманы жетілдіру. Мәселен, заңда жеткізу жоспары аясында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын мемлекеттік реттеуді белгілеу көзделіп отыр.

Құжатта сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жетілдіру, үй-жайлардың меншік иелері кооперативтерінің қызметін сақтау, сондай-ақ желілерге қосылуға техникалық шарттарды қолдану мерзімін ұлғайту мен мерзіміне шектеу қою бөлігіне нормалар бар.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысына қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.