Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында өңірдің жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру, аймақ экономикасын дамыту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларындағы тұрақты өсімді қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ Президент Қатон-Қарағай, Марқакөл аудандарын қайта құру жөнінде шешім қабылданғанына тоқталып, шекаралас аумақтағы елді мекендерді жүйелі түрде дамыту қажет екенін ескерді.
Мемлекет басшысы облыс әкіміне коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, жылу электр стансаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау жөнінде тапсырма берді.
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жабылды
Елорда • Бүгін, 14:43
Сенатор утиль алымын алып тастау мәселесін көтерді
Сенат • Бүгін, 14:35
Алматы полициясы 35 заңсыз мигрантты депортациялады
Оқиға • Бүгін, 14:12
Палата отырысында екі заң мақұлданды
Сенат • Бүгін, 13:00
Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасарын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
ЕАДБ Қазақстандағы су тасқыны зардаптарын жоюға 1 млн доллар бөлді
Қазақстан • Бүгін, 12:45