Білім • 15 Маусым, 2023

Грантты жұмыс істеп өтеуден кімдер босатылды?

7995 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес 6 санат үшін грант бойынша үш жылдық немесе екі жылдық міндетті жұмыс істеп өтеу көзделген. Алайда, кейбір  түлектер грант өтеуден босатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грантты жұмыс істеп өтеуден кімдер босатылды?

Грантты өтеуге міндеттелген түлектер:

1) Педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде түскен ауыл жастары;

2) Педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша "Серпін" бағдарламасы бойынша түскен ауыл жастары;

3) Педагогикалық және медициналық мамандықтардың студенттері;

4) Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша білім алған докторанттар;

5) Философия докторлары бағдарламасы бойынша оқыған докторанттар;

6) Барлық басқа мамандықтар.

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес грантты жұмыспен өтеуден кімдер босатылды?

1) жүкті немесе 3 жасқа дейінгі балалары бар;

2) 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;

3) Егер бітірушінің жұбайы/зайыбы тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет өткеретін елді мекенде бос орын болмаса;

4) одан әрі грантқа резидентураға, магистратураға немесе докторантураға түскен жағдайда.