Ауа райы • 13 Маусым, 2023

Ертең Қазақстанның орталығында жаңбыр жауады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 2023 жылдың 14 маусымына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең Қазақстанның орталығында жаңбыр жауады

Мамандар ұсынған болжамға сәйкес, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс, шығыс, шеткі батыста, күндіз Қазақстанның орталығында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін», дейді синоптиктер.

Республика бойынша жел күшейсе, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, орталықта шаңды дауыл болады, ал солтүстікте тұман түседі.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбенің оңтүстігінде, Түркістан облыстарының шөлді аймақтарында қатты ыстық күтіледі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +21+23°С.

Алматыда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.