Қазақстан • 12 Маусым, 2023

Қазақстанның бас байрағы төмен түсірілді

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алаңында орналасқан ең үлкен Ту төмен түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бас байрағы төмен түсірілді

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, еліміздегі барлық ту жартылай (50 метр) төмен түсірілді.

Еске сала кетсек, Семей орманын шарпыған өрт салдарынан 14 адамның қайтыс болуына байланысты Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.