Аймақтар • 11 Маусым, 2023

Оралда бес қабатты үйден өрт шықты

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында бес қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz  БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оралда бес қабатты үйден өрт шықты

Оқиға бүгін, 11 маусымда Зачаган кенті Теміртау көшесі 19 мекенжайында болған.

«Сағат 11:32-де екінші қабаттың балконы жанып, жалын жатынжай бөлмесіне ауысып, жеке заттар, жиһаз отқа оранды. Өрттің аумағы 20 шаршы метрді қамтыды. Пәтердің иесі – 88 жастағы кейуана. Жоғары және төменгі қабаттардан 18 адам өздері үйден шыққан, олардың үшеуі – бала. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 18 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Жалын сағат 11:51-де оқшауланып, 12:13-те ауыздықталды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

аа

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55