Экология • 11 Маусым, 2023

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 маусым күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, жексенбіде ауа сапасы тек Астана мен Ақтөбе қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.