Саясат • 10 Маусым, 2023

Президент Бердібек Сапарбаевтың отбасына көңіл айтты

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Бердібек Сапарбаевтың отбасына көңіл айтты

«Бердібек Машбекұлы ұзақ жылғы еселі еңбек жолында лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өркендеуіне және өңірлерді дамытуға мол үлес қосқан еді. Мемлекетіміздің сындарлы саясатын зор біліктілікпен жүргізе білді. Қазақстанның беделі мен мәртебесінің арта түсуіне қажыр-қайратын жұмсады. Азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленді. Соңына өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», деп жазылған жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10