Негізгі міндетін мүлтіксіз атқаратын азаматтың тағы бір ерекше қыры бар екен. Бұл – оның поэзияға деген ықыласы. Әріптестері, оның мұнысына әр кез сүйсіне қарайды.
– Мен ақындардың өлеңдерін жаттап, нақышына келтіріп оқығанды ұнатамын. Әсіресе Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін оқығанда, бір қолымда найза ұстап, жауға аттандап бара жатқандай күйге түсемін, – дейді Үркер.
Ол Жамбыл облысы Сарысу ауданының тумасы. Әкесі ішкі істер органының ардагері көрінеді. Ал өзі былтырдан бері осы салада қызметте екен.
Жас кезінен қазақтың жыр-дастан, қиссаларын жаттап өскен Үркер 2013 жылы Атырауда өткен Махамбет Өтемісұлы оқуларында үшінші орын иеленген. Кейін мұндай байқауларға қатыса қоймапты. Бәлкім, алдағы уақытта Үркерді сондай байқаулардың додаларынан көріп те қалармыз. Қалай болғанда да, полиция қызметкерлерінің арасында осындай азаматтың жүргенінің өзі керемет емес пе!