Президент • 03 Маусым, 2023

Түркия Президентін ұлықтау рәсіміне 90-нан астам делегация өкілі қатысты

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркия Президентін ұлықтау рәсіміне 90-нан астам делегация өкілі қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Анкарадағы «Кулие» сарайында өткен Түркия Республикасының Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты.    

.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөйлеген сөзінде ұлықтау рәсіміне арнайы келіп қатысқаны үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді.  

Мемлекет басшысымен қатар салтанатты шараға, 40-тан астам мемлекеттің басшыларын, үкіметтер мен парламенттердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерін қоса алғанда, 90-нан астам делегация өкілі қатысты.

.