Әлем • 02 Маусым, 2023

Әлемде табысы миллион доллардан асатын байлардың саны азайды

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Capgamini компаниясының зерттеуіне сәйкес, милиион доллар табыс табатындардың саны 3,3 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде табысы миллион доллардан асатын байлардың саны азайды

Нәтижесінде әлемдегі бай адамдардың байлығы 3,6 пайызға 83 доллар триллионға азайған. 

Capgamini бұны соңғы он жылдағы ең үлкен шығын деп бағалады. 

Компанияның мәліметінше, Солтүстік Америкадағы жылжымайтын мүлік  арзандаған (7,4%). Ал Еуропада 3,2% деңгейінде, Азия-Тынық мұхиты аймағында 2,7% деңгейінде төмендеу тіркелді. Сонымен қатар Африка, Латын Америкасы және Таяу Шығыстағы жылжымайтын мүлік бағасы керісінше қымбаттаған.