Ауа райы • 02 Маусым, 2023

Бірнеше өңірде 41 градусқа дейін ыстық болады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер  3-5 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Бірнеше өңірде 41 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы  сақталады. Күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде +36+41°С, шығыста күн +33+39°С-қа дейін, орталықта +33+41°С-қа дейін, оңтүстікте +37+44°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +30+39°С-қа дейін ыстық болады.

«Тек елдің батыс облыстарында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады», делінген хабарламада.

Болжам бойынша, республиканың оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл мен жел күшейеді.