Қоғам • 31 Мамыр, 2023

Кей өңірлерде газдың бағасы шарықтап кеткен - Мәжіліс депутаты

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кей өңірлерде газдың бағасы шарықтап кеткен - Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутатының айтуынша, кейбір елді мекендерде газдың бағасы шекті бағадан асып кеткен. Ашынып отырған халық ереуілге шығамыз деп ескерту жасаған.

«Мәжіліс депутаттарына мәселесін жеткізіп, хабарласқан 500-ге жуық тұрғынмен кездесу үшін 2023 жылдың 26 мамырында Алматы облысына барып, арыз-шағымдарын тыңдадым. Мәселенің ушығып кеткені соншалықты, бұл дау шешілмесе, екі аптадан кейін мыңдаған адам жолды жауып, жаппай ереуілге шығатындарын ескертіп отыр», деді Мақсат Толықбай.

Мәжіліс депутатының сөзінше, Шалқар, Қайрат, Еңбекші, Құмарал, Үштерек сияқты ондаған елді мекенді, сондай-ақ Аяжан, Аянат, Арай және Дархан саяжайларын газбен қамтып отырған компания басшылары бағаны қолдан көтеріп отыр.

«Бұл компанияның артында соншама кім тұр? Не жергілікті прокуратура не жергілікті әкімдік не антимонополия бұйрықты орындатуға шамасы келмейді. Тіпті мыңдаған халық шулап жатыр. Солардың алдына шығып, жауап беретін бір де бір жауапты адамды таппай келдік. Ақыры өзіміз барып, міне, мәселені Мәжіліс алаңында көтеруге тура келіп отыр», деді депутат.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше