Қоғам • 30 Мамыр, 2023

Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қалалық полиция департаменті аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы мен тергеушісі пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді

Ведомствоның мәліметінше, олар алдын ала сөз байласу арқылы қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасын тағайындау үшін қала тұрғынынан 500 мың теңге көлемінде пара алған деген күдікке ілініп отыр.

«Күдіктілер жасаған қылмысын мойындап, шынайы өкінді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды»,  делінген хабарламада.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

 
Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15