Экономика • 29 Мамыр, 2023

Елордада Астана халықаралық форумы өтеді

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8-9 маусым аралығында елордада Астана халықаралық форумы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада Астана халықаралық форумы өтеді

Астанада «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында» тақырыбында форум өтеді.

Халықаралық іс-шара аса маңызды  жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған. Форумға қатысушылар бүгінгі әлемдік ахуал, геосаяси шиеленістің артуы және мемлекетаралық ынтымақтастықтың дәстүрлі үлгілерінің түбегейлі өзгеруіне байланысты бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге жауап іздейді. 

Форумға мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, халықаралық ұйымдар, ірі компаниялар, саяси қайраткерлер мен сарапшы топтың өкілдері – 300-ден астам шетелдік делегаттар, олардың ішінде ХВҚ, ДСҰ, АДБ, ЕҚДБ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ басшылары, ЕҚЫҰ ПА Төрағасы, ЭЫДҰ және АҚШ сауда миссиясының өкілдері, кеңес мүшелері және шетелдік инвесторлар қатысады деп жоспарлануда.

Форумға 1000-нан астам шетелдік қонақтар келеді.

Жиында сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және тұрақтылық, энергетика және климаттың өзгеруі, экономика және қаржы мәселелері талқыланады.

40-тан астам панельдік сессия, бейресми пікірталас және мазмұнды жиындар өтеді. Форумның стратегиялық серіктестері – БҰҰ және CNN.

ҚР Үкіметі ұйымдастырған форум Конгресс-орталықта (EXPO) өтеді.