
24 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де «Жастар сарайы» ғимаратында (Астана қаласы, Республика даңғылы, 34) жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шарада келушілерге жастар үшін микрокредиттер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы, оның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ақпарат беріледі.