Қоғам • 22 Мамыр, 2023

Кәрім Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді

767 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов өзіне қатысты үкімге қарсы апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәрім Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді

Астана сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Мәсімов пен басқа адамдарға қатысты сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, аталған іс бойынша процеске қатысушылардан апелляциялық шағымдар түсті.

«Бұл іс «аса құпия» белгісімен қаралғандықтан, басқа мәліметтер жария етуге жатпайды», делінген сот хабарламасында.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде сот ҚР ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты үкім шығарды. Оның мүлкі тәркіленіп, өзі 18 жылға сотталды. Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Айта кетсек, Мәсімовтің үш орынбасарына да үкім шықты. Садықұлов 16 жылға, Ерғожин 15 жылға, Өсіпов 3 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025