Мәдениет • 18 Мамыр, 2023

Ұлттық музейде «Музей түні» акциясы өтіп жатыр

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық музейлер күніне арналған «Музейлер түні» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық музейде «Музей түні» акциясы өтіп жатыр

Музей қонақтарын жаңа көрмелер, театрландырылған экскурссиялар, ойын-квесттер, түрлі танымдық шеберлік сабақтар мен ғылыми дәрістер, кітап пен қолөнер жәрмеңкелері, концерттік бағдарлама қуантады.

Аталған акция Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблінің қазақ ұлттық аспаптарында ойнаған әуендерімен басталды. Жиналған жұрт ансамбль өнерін тамашалап, сазды күй мен әсем әуенге тәнті болды.

«Музейлер түні» акциясының салтанатты ашылуында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов сөз сөйледі. Ол музей қызметкерлерін марапаттап, халықты музейді көруге жиі келуге шақырды.

Сонымен қатар танымал тарихшылар, өнертанушылар мен медиа саласының майталмандары «Жұлдызды гид» жобасы арқылы музей залдары бойынша экскурсия жүргізіп жатыр.

Аружан НАҒАШЫБАЙ,
ЕҰУ студенті