Теннис • 18 Мамыр, 2023

Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы белгілі болды

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалында латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы белгілі болды

Теннисшілер Римде (Италия) WTA 1000 турнирінің жартылай финалында кездеседі. Матч 19 мамырда өтеді.

Рыбакина WTA рейтингінде алтыншы, ал қарсыласы 20-орында тұр.

Еске салайық, ширек финалда қазақстандық Елена Рыбакина сенсациялық түрде әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңген болатын.

Бұл турнирдің жүлде қоры 3 572 618 еуроны құрайды. Жеңімпаз 521 754 еуро жинап, 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.