Футбол • 17 Мамыр, 2023

Футболдан Қазақстан кубогы: «Қайрат» пен «Атырау» тең түсті

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалында тағы екі матчтың нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Футболдан Қазақстан кубогы: «Қайрат» пен «Атырау» тең түсті

Екі ойынның бірінде «Қайрат» Алматыда «Атыраумен» кездесті.

Ойын барысында алаң иелері есеп ашты. Кездесудің 12-минутында Вячеслав Швырев көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңде «Қайрат» шабуылшысы Артур Шушеначев өз қақпасына гол соқты.

Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Тағы бір ойында қостанайлық «Тобыл» Қарағандының «Шахтерін» ойсыратты.

Кездесуде қостанайлық клубтан Игорь Сергеев 48-минутта есеп ашса, Ислам Чесноков 87-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.