Мәдениет • 17 Мамыр, 2023

Елордада «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» фестивалі өтеді

960 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» фестивалі өтеді

21 мамырда мәдениет және өнер қызмерлері күні атап өтіледі. Аталмыш мереке Президент жарлығымен 2013 жылы бекітілген еді. 

Атаулы күн - рухани-мәдени өміріміздің өзегіне жан бітіріп отырған азаматтардың мерейлі мерекесі. Осыған орай Ұлттық академиялық кітапханада «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» openair фестивалі өтеді.

Фестиваль мәдениет, өнер және кітапхана саласында қызмет етіп жүрген, сондай-ақ бұл саланың дамуына үлес қосқан мамандарды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өңірлерден келген үздік кітапхана қызметкерлері мен еліміздің түкпір-түкпірінен келетін ардагер кітапханашыларды мәдениет саласының жоғары наградаларымен марапаттайды.

Шара аясында жазушылар, журналистер, редакторлар мен кинорежиссерлердің қатысуымен «Кітап оқу – жетістік трамплині» атты NetWorking ұйымдастырылады. Бағдарламада «BOOKS-TOP» кітапхана мен баспалардың көрме-жәрмеңкесі, антикварлық заттар, қолтаңбалар және жаңа кітаптар көрмесі, аrt-шеберлік сағаттары ұйымдастырылса, балалар павильонында түрлі  кездесулер, қойылымдар өтеді. Ашық диалогта жазушы-баспагерлер ұлттық құндылықтарды арттырудың заманауи тәсілдерін талқыға салады. Тәжірибелі тренерлер кітапханалық медиа жобалар, медиасауаттылық, мобилография және SMM-технологиялары, TikTok контенттерін әзірлеу сынды өзекті тақырыптарды қозғайды. Сала дамуына қатысты маңызды мәселелер «QUIZ» интеллектуалдық алаңында жалғасады. Ал басқа өңірлерден келген кітапханашылар тәжірибелік кейстерімен бөліседі. 

Соңғы жаңалықтар

Қала қоқыс полигоны ма?

Экология • Кеше