Футбол • 17 Мамыр, 2023

Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында 13-ші гол соқты

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабиясының футбол біріншілігінде «Әл-Наср» клубы 2-0 есебімен «Әл-Таи» командасын жеңді. «Әл-Наср» Криштиану Роналду мен бразилиялық Талиски соққан голдардың арқасында алға жылжыды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында 13-ші гол соқты

«Әл-Наср» – «Әл-Тай» жекпе-жегі Сауд Арабиясы чемпионатының 27-туры аясында өтті, онда Роналду өз командасының бірінші голын пенальтимен соқты.

Бұл доп Португалия жұлдызының 13-ші активі болды. Еске сала кетсек, танымал футболшы Сауд Арабиясының Суперлига матчтарына «Әл-Наср» жейдесін киіп шықты. Осы орайда Криштиану чемпионаттың үздік бомбардирлері тізімінде бесінші орынға жайғасқанын да айта кету керек.

Кезекті жеңісінен кейін «Әл-Наср» 27 матчта 60 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орын алды. Әзірге Роналду клубынан үш ұпаймен алда тұрған «Әл-Иттихад» көш бастап тұр.