Денсаулық • 16 Мамыр, 2023

Онкогематологияны емдеуге – 2,9 млрд теңге

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Онкогемотология дерті өлім-жітім көрсеткіші бойынша әлемде алтыншы орынды алады екен. Жер бетінде осы дертпен жылына 500 мың адам тіркеуге алынады екен. Ал ашық ресурстағы ақпараттар Қазақстанда бүгінгі таңда қан түзетін және лимфа тінінің онкологиялық ауруымен 10 мыңнан аса науқас есепте десе, жыл сайын тағы 1 700-1 800 жаңа жағдай тіркелетінін жария етеді.

Онкогематологияны емдеуге – 2,9 млрд теңге

Қарағанды облысында онко­ге­­матологиялық аурулары бар нау­қастарды тексеруге және емдеу­ге 2,9 млрд теңге бөлінді. Меди­циналық сақтандыру қо­ры тегін медициналық көмек көрсету арқы­лы 2,7 млрд теңге және МӘМС пакетінен 200 млн теңгеден аса қаражат бөлуді жос­парлап отыр.

Қан аурулары бар науқастар­ды емдеу гематология орталы­ғында өтеді. Орталық Қараған­дыда 2018 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді. Биыл Қа­рағанды қаласы мен Қара­ған­ды облысының гематология сала­сындағы құзырет­тілік ор­та­лығы ретінде жеке ғи­­ма­­рат­қа көш­кенін атап өткен жөн. Бұл орта­лықта қан ауруымен сыр­қат­танған науқастардың дис­­пан­­серлік есепке дейінгі бар­лық кезеңді өтуіне мүмкіндік жа­сал­ған. Мұнда күндізгі және сырт­тай кеңес беретін амбу­ла­­ториялық емдеу, тексеру ке­зеңі және тәулік бойы немесе күндізгі стационарда емдеу­ топ­тас­тырылған. Орталық дерегіне сүйенсек, орталықтың тәулік бойғы және күндізгі стационарларында Қарағанды, сонымен қатар басқа облыстардан 2 мыңнан аса адам ем алыпты. Оның 73-76 %-ы қан қатерлі ісігі бар науқастар екен.

– Стационарды алмастыратын көмекке басты назар аударылды. Күндізгі стационарда бізде 16 төсектік орын бар. Бұл диагнос­тикалық және емдік шараларды жүргізуге мүмкіндік береді. Науқас емделіп оралады, осылайша біз ауруханаішілік инфекциялар қаупін азайтамыз. Қазір тәулік бойы ауруханаға тек ауыр науқастар – жедел лейкозбен ауыратындар жатқызылады. Химия және жоғары дозалы терапия жүр­гі­зіледі, – дейді гематология саласындағы құзырет­тілік орта­л­ы­ғының директоры Ирина Баландинская.

Тәулік бойғы стационардағы науқастар бір орынды палатада емделеді. Оның әрбірінде жел­дету жүйесі бар. Әр палатада қажет­тілік туындаған кезде жедел жан сақтау бөлмесі етіп жаб­дықтауға барлық жағдай қарас­тырылған.

 

Қарағанды облысы