Топтық жаттығулардағы жарысқа 2008 жылы туған бір гимнасттан ғана жіберіледі. Спартакиадаға Қазақстан құрама командаларының көшбасшылары, соның ішінде Айбота Ерсайқызы, Елжан Таниев, Ерік Жайлауов, Милан Парфилова қатысады.
Көпсайыс финалына жеке бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсеткен командалар құрамынан 15 спортшы жіберіледі. Көпсайыс финалының жеңімпазы ең жоғары балл сомасы бойынша анықталады.
Жеке бағдарламада көпсайыстың жекелеген түрлерінде финалға көпсайыстың әрбір түрінде ең жоғары нәтиже көрсеткен командалар құрамынан 8 спортшы жіберіледі. Топтық жаттығулардағы көпсайысқа – біліктілігі жоғары аймақтан бір команда қатысады.
Турнирдің ресми ашылу рәсімі 17 мамыр күні сағат 12:00-де Qazaqstan СК жеңілатлетикалық кешенінде өтеді.
Жарыстың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және Астана әкімдігі.
Іс-шараның мақсаты – халықты дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, спортты өскелең ұрпақ арасында танымал ету.
16-19 мамыр күндері Астанада көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы өтеді. Жарысқа еліміздің барлық облысынан 60-тан астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұқпа өзенінің арнасы тазаланды
Аймақтар • Бүгін, 13:15
Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
Президент • Бүгін, 11:49
Юлия Путинцева Римдегі турнирдің екінші айналымына өтті
Теннис • Бүгін, 11:16
Елдің бірқатар аймағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
Ең жас автошабандоз жол апатынан көз жұмды
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғындары мерекелік концертті тамашалады
Елорда • Кеше