Ауа райы • 04 Мамыр, 2023

Елдің басым бөлігінде күн күрт суытады

292 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Синоптиктер республиканың 11 облысында ауа райы күрт бұзылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елдің басым бөлігінде күн күрт суытады
5 мамыр күні түстен кейін Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Абай облысының орталығында, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны -1 градусқа дейін төмендейді.

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл болады деп болжанады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Қызылордада  шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендейді. Облыстың орталық бөлігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. 

5 мамырда түстен кейін Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с, күндіз Жалаңашкөл ауданында 28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың басым бөлігінде сынап бағаны -1-6 градусқа дейін төмендеп, күн суық болады. Талдықорғанда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Түнде сынап бағаны -1-3 градусқа дейін төмендеп, күн суық болады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде күндіз шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны -2 градусқа дейін суытып, үсік жүреді деп болжанады. 

Соңғы жаңалықтар